jasqazaq.kz

Алматы облысында заңсыз субсидияланған 95 млн теңге мемлекетке қайтарылады

29 маусым 2022, 17:35

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жалпы сомасы 95,2 млн теңгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін заңсыз субсидиялау фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Облыстық прокуратура Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасын тексеріп, жалпы сомасы 95,2 млн теңгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін заңсыз субсидиялау фактілерін анықтады. Субсидиялау қағидалары бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ( «ҚабанбайАгро» АӨК, «Бескөл» АӨК, «КЕРБҰЛАҚАГРО Дамуы» АӨК және «Бекарыс-2» АӨК) субсидияланған қой төлдерін сақтап, азаюына жол бермеу талаптарын орындамаған», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Прокуратура мәліметінше, қадағалау актісі бойынша Ауыл шаруашылық басқармасы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бюджет қаражатын қайтару туралы 3 талап арыз берді. Алайда экономикалық сот талап арыздарды қанағаттандырусыз қалдырған.

«Осыған байланысты прокуратура облыстық сотқа апелляциялық өтініш хаттар жолдады. Облыстық сот прокуратураның қадағалау актілерін толық көлемде қанағаттандырып, бірінші сатыдағы соттың шешімдерінің күші жойылды. Қазіргі уақытта сот орындаушылары бюджет қаражатын мәжбүрлі түрде қайтару бойынша шара қолданып жатыр», — делінген хабарламада.

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде