jasqazaq.kz

Алматы облысында Республика күні кең көлемде атап өтілді

25 қазан, 18:16

Мемлекеттіліктің қалыптасу тарихында айрықша орны бар Республика күні биыл да Алматы облысында ерекше салтанатпен атап өтті. Өңірдің барлық аудан-қаласында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімдері ұйымдастырылып, мерекелік концерттер мен түрлі патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ұлттық мерекеге арналған негізгі салтанатты шаралардың бірі облыс орталығы Қонаев қаласында өткізілді. Оған Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов бастаған өңір активі, облыстық басқармалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар және қала тұрғындары қатысты.Салтанатты жиын Мемлекеттік Туды көтеру рәсімімен басталды. Көк байрақ көкке көтерілген сәтте жиналған көпшілік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірге шырқады. Ел тәуелсіздігі мен тұтастығын дәріптеген бұл рәсім мерекенің маңызын айшықтай түсті.Облыс орталығындағы салтанатты шараға 2 мыңнан астам адам жиналды. Қолдарына көк байрақ ұстаған тұрғындар елдік пен бірліктің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызын паш етті. Түрлі этнос өкілдері мен жастардың мерекеге белсенді қатысуы қоғамдағы татулық пен өзара құрметтің көрінісіне айналды.Биылғы мереке Алматы облысында тек салтанатты жиындармен ғана шектелген жоқ. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар маңызды нысан пайдалануға берілді.Облыс бойынша Республика күніне орай 250-ге жуық іс-шара өткізіліп, 28 жаңа нысанның ашылуы тұрғындар үшін мерекелік тартуға айналды.Мерекелік бағдарламалар облыстың барлық аудан-қаласын қамтыды. Мәдениет мекемелерінде концерттер, патриоттық кездесулер мен танымдық шаралар ұйымдастырылып, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады.Қонаев қаласындағы салтанатты жиын облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Көпшілік өнерпаздарға қосылып, патриоттық шығармаларды бірге орындады.Алматы облысында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар да осы құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Әсіресе, жастардың белсенді қатысуы өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырудың маңызын көрсетті.Өңірде кең көлемде атап өтілген Республика күні ел тарихына құрмет көрсетіп, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын, қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды мерекелік оқиғаға айналды.

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова