jasqazaq.kz

Алматы облысында көліктен салют атып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер 10 тәулікке қамалды

07 қазан, 10:17

Қарасай ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бірнеше жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға 3 қазанға қараған түні Алматы – Астана автожолында болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол түні сағат 00:30 шамасында төрт жүргізуші Жібек Жолы ауылындағы мейрамханадан шығып, Алматы – Астана автожолы бойымен қозғалған. Олардың жолда қауіпті әрі өрескел әрекеттерге барғаны бейнежазбаға түсіп қалған.

Жүргізушілердің жеке басын анықтау барысында олардың Еркебұлан Жолдасбай, Бекарыс Махсетов, Ержан Жұмалиев және Ардақ Тұрғанбай екені белгілі болды. Оларға қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу және бұзақылық фактілері бойынша барлығы 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар BMW көлігінің люгінен пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан азаматтың да жеке басы анықталды.

Мейірбекке Базарымбетовке қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Осылайша, оқиға бойынша барлығы 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотта қаралып, құқық бұзушыларға 10 тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды. Полиция жолда қауіпті әрекеттерге бару өзге де жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Құқық қорғау органдары мұндай фактілерді бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Сурет: Polisia.kz

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті