jasqazaq.kz

Алманияда тұратын қандас қыз Алаштануды биікке көтерді

20 қараша 2016, 12:59

snimok

Еуропада тұратын қазақ қызы Алаш Орда тарихынан докторлық қорғады. Өзгежан Кесижи бұған дейін де Қазақстанда бірнеше рет болған. Алманияда тұратын қандасымыз қазақ тарихындағы елеулі орны бар Алаш Орда қозағылысы, сол бір зұлмат жылдардағы ақтаңдақ тарих туралы ізденіп, өзінің докторлық диссертациясына арқау еткен.

baq.kz хабарлағандай, Өзгежан Кесижи Дублин университетінің әлеуметтану факультетінде оқи жүріп, «Modernlenüvge Ultşıldıq arqılı Jetüv: Qazaq Alaş Orda Qozğalısı» (Қазіргі заманға ұлтшылдықпен жету: Қазақ Алашорда қозғалысы) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Соның негізінде PhD — ғылым докторы атанды. Өзгежанға докторлық атағы алдағы уақытта салтанатты түрде тапсырылатын болады.

Бұл туралы Өзгежанның әкесі Қайым Кесижи өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өзгежанның еңбегі арқылы еуропалықтар қазақ тарихының ең бір елеулі кезеңін біле алатын болады.

Естеріңізде болса биыл Алаш Орда қозғалысының жетекшісі, Алаш көсемдерінің көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толды. Ал келер жылы осы қозғалыстың 100 жылдығы аталып өтетін болады.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Алпамыс Өтепов: Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты