jasqazaq.kz

Әкімнің креслосына отырғаны үшін блогер 73 740 теңге айыппұл төлейді

27 ақпан 2024, 15:28

Өткенде әлеуметтік желіде Жетісу өңіріндегі бір блогердің ауыл әкімінің креслосына отырып алып, әңгіме айтқаны туралы бейнежазба тарап кетті.

Egov.kz Телеграм-каналында жарияланған бейнежазбада ол жұрттың өзіне әкім бол деп жатқанын, бірақ мұндай қызметте тұрақты жұмыс істегісі келмейтінін айтады. Тек шақырған кезде ақыл айтып, жәрдемдеседі-мыс.

Әлгі жазбаның 20 ақпан күні Қарабұлақ ауылында түсірілгені анықталып, блогердің ісі көп ұзамай Талдықорғанның әкімшілік сотында қаралды.

Кінәсін мойындаған блогер сотта өзін қатаң жазаламауды өтінген көрінеді.

Әйтсе де, сот оған 20 АЕК – 73 840 теңге айыппұл төлеу жазасын белгіледі.

Ал креслосына кім көрінгенді отырғызып жүрген әкімге қандай жаза қолданылғаны айтылмайды.

JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар