jasqazaq.kz

«Ақымақ болыңыз». Индира Расылхан ата-енесімен тұрғысы келмейтін қыз-келіншектерге кеңес берді

20 наурыз 2023, 13:44

Әнші Индира Расылхан әлеуметтік желіде кеңес сұраған оқырмандарына жауап берді.
“Бір үйдің жалғыз баласына тұрмысқа шықтым. Бірақ ата-енесіз, бөлек тұрғым келеді” деген оқырманның сұрағына әнші: “Жаным, ата-ене деген қазына. Өзіңіз қалай қарым-қатынас жасасаңыз, ол кісілерден соны аласыз. Енеңіздің ескертулерін елемей, менсінбеушілікпен қарамаңыз. Сол кісілердің туған баласының қойнында жатырсыз ғой. Сіз де ене боласыз”, – деп жауап берді.

Желі қолданушылардың арасынан ұзақ жыл бірге тұрса да өзін еркін сезіне алмайтынын айтып, кеңес сұрағандар да табылды.

“Еркіндік… Түрмедесіз бе? Сіз өзіңізді-өзіңіз шектейсіз. Оның жақсы бір тәсілі бар. Ақымақ болыңыз. Сонда ешқандай мәселе болмайды”, – деп ақылымен бөлісті өнер иесі.
Бұған дейін өнер жұлдызы күйеуінен ажырасып кеткенін, жүрегінің бос екенін айтқан болатын.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда