Айтып келмеген апат

08 мамыр 2020, 11:59

Мен туып-өскен Мақтарал ауданы қазір су тасқынынан әжептәуір қиыншылық көріп отыр. Әсіресе, 2 шақырым қашықтықтағы көрші ауылдар «Жаңа тұрмыс» пен «Жеңіс» ауылдары су астында қалып, үй мен қора-қопсы жарамсыз болып қалды. Диқанның еккен мақтасы, көкөніс су астында атала болды. Ірілі-ұсақты мал суға малтығып өлді.

Біздің ауылдан 3 шақырымға жуық жерде бірінші «Сардоба» үлкен арығы, одан сәл әріде, шамамен 300 метрдей жерде «Балық шаруашылығы мекемесі» деп аталатын тоған болатын. Соны өзбек өкіметі үлкейтіп, 2017 жылы үлкен су қоймасын салған екен. Көршілермен бұрынғыдай тығыз байланыс жоқ.Ауқымы кең су қоймасын салғанын ауылдастарым енді біліп отыр.

Шындығын айтсам, 1 мамыр күнінен бастап 4 мамырға дейін мақтаралдықтар мен жетісайлықтар буынып-түйініп, бір киер киімі мен құжаттарын сөмкесіне салып, Сырдария өзенінің оң жағалауына қашумен болды. Ал кейбіреулері Келес, Сарыағаш, Шардара аудандарындағы, Атакент поселкесіндегі туған-туыс, құда-жекжаттың үйін паналады. Сырттай қарасаңыз, жортып бара жатқан адамдар құдды соғыс жағдайын елестеткендей.
Амал жоқ, мен де бала-шағамды алып, Келес ауданындағы күйеу балам мен қарындасымның үйіне жеттім. Олар алдын ала телефон шалып, амандығымызды біліп, «тезірек біздің үйге жетіңдер» деп қолқа салған.

Біз барған соң жарты сағат өтер-өтпес Мақтарал ауданы «Нұрлы жол» (бұрындары «Целинное» деп аталатын) ауылында тұратын кіші қарындасым екі қызымен жетті. Жалпы осы ауылды «алдымен су басады»дейтіндер көп-тұғын. Себебі, ауылдың бірінші көшесіндегі үйлер «Сардоба» өзенінің жағалауына орналасқан. Үй мен өзен арасы небәрі 50-70 адым. Жоқ, бәрі керісінше болды. Ауыл азаматтары ұйымшылдық танытып, өзендегі бөгенді өкіметтің құрал-сайманымен тез-тез бекітіп, күні-түні кезектесіп күзетіп, ауылды судан аман алып қалды.

Тәптіп сақшыларының«Тезірек кетіңдер, қазір бұл ауылды да су басады» дегеніне көнбей, «туған ауылымда боламын, ешқайда бармаймын» деп үйде қалған немере ағам Әлімхан Қарақұловпен Келес ауданының Ғани Мұратбаев ауылында жанымызды шүберекке түйіп тұрып, жиі -жиі байланысқа шығып, мән-жайды біліп отырдық. Әлекең баласы екеуі жеңіл көлігімен төңіректі түнімен шолумен болады. Бір жақсысы, біздің ауылды іргелей қазылған, мақтаның сор суын қашыратын үлкен арықтың «Сардобаға» түйісетін тұсын білгір жігіттер түн ортасында бульдозермен бекітіп тастапты. Осының арқасында ауыл тасқын судан зардап шеккен жоқ.
Оқиға басында жүрген азаматтардан күні-түні түсіп жатқан ақпаратпен танысып, ауданымызда не болып жатқанынан хабардар болып отырдық. Үшінші күні Мақтарал ауданының орталығы «Мырзакент қалашығын да су басады, тұрғындарын көшіріп жатыр екен» дегенді әңгіме тарады. Арнайы барып көрдім. Қалашыққа іргелес Фирдоуси, Өргебас, 1 май ауылдарын су басыпты. Сол күні мырзакенттіктер толықтай қауіпсіз жерге көшірілді. Ер азаматтар өз хәл-қадерінше ауылы мен көшесін судан қорғап бақты. Ал балалар мен қарттарды, әйелдерді әкімдік Атакент қалашығы мен Жетісай қаласындағы мектептерге уақытша орналастырды.

Жалпы Мақтарал, Жетісай аудандарына тақау маңда көрші өзбектің түрлі су электр стансалары тұрғанын, ол жақта төтенше жағдай бола қалса, сақтану амалдарын қазірден ойластыру керектігін Үкіметіміз қаперіне алса дейміз. Өйткені апат айтып келмейді.

Дәл бүгіндері қауіп сейілді делінгенмен, тұрғындардың көңілінде әлі де күдік жоқ емес. Өйткені Өзбекстан билігі интернетке жариялаған аэроғарыштан түсірілген фотосуретте «Сардоба» су қоймасының жарты суы әлі өз жауырынында жатқаны байқалады.

Өскен Пістебек, журналист

Мақтарал ауданы,
Түркістан облысы
(Арнайы Jas Qazaq үшін)

15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды
04 шiлде, 16:10
Түркістан: Мақсат – қылмыстың алдын алу