jasqazaq.kz

Қандастарымыз қашанғы «қытай туын» көтере бермек? (видео)

28 ақпан 2017, 15:54

Youtube желісінде Serik kerey есімді азамат жүктеген мына видео көрген адамды сан түрлі ойға жетелейтіні дауыз.

Ресми санақ бойынша, Қытайда 1 миллион 500 мың қазақ тұрады. Бертінгі жылдардағы ресми дерек ондағы қандастарымыздың санын 3 миллионға жетеді деп санайды.

Қытай елінде аз санды ұлттар қоныстанған өңірлерде «кіші мəдениет төңкерісі» жүріп жатыр. Ауылдарда ту шығаруға халықты жинап, мемлекет əнұранын айтқызуда», деп жазады Serik kerey.

Қытай елінде соңғы жылдары аса тез қарқынмен жүргізіліп жатқан өзге ұлттарды қытайландыру саясаты – онда мекендейтін саны аз көптеген мұсылман ұлттарына да зор қатерін төндіруде. «Батыс өңірді ашу» деген желеумен ішкі қытайдан миллиондап келіп жатқан ханзулар қаупі – Қазақ Елін де ойландыруы тиіс.

Baq.kz хабарлағандай, біраз жыл бұрын тоқтаусыз ағылған қазақ көші бұл күндері сап тыйылған деуге де негіз бар. Біздің билік тарапынан қойылған қаптаған қағазбастылық пен ешкім бұзып өте алмайтын «жел өтпес» кедергілер олардың жолын кесуде. Шекараның арғы бетінде Қазақ жұртына қарап көздері мөлтілдеп, телмірген бауырластарымызға өз отанында еркін жүрер күні қашан туатыны белгісіз…

27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын