jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Лаос мемлекеті біздің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде көтерген бастамаларымызды қолдады

03 қыркүйек, 12:59

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, қос мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Лаос Президентінің Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапарын тарихи оқиға деп атады.
«Келесі жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Бұл – үлкен меже. Елдеріміздің қарым-қатынасы достық сипатқа ие. Екі мемлекет халықаралық аренада, ең алдымен, БҰҰ аясында тығыз жұмыс істеп отыр. Лаос мемлекеті біздің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде көтерген бастамаларымызды қолдады. Ол үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – Сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз. Осы сапардың нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға екі ел үкіметтері белсенді түрде кіріседі деп ойлаймын», — деді Президент.
Мемлекет басшысы Лаосты Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді.
Сондай-ақ Лаос елінің экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсіп келе жатқанына, әсіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салалары бойынша зор нәтижеге қол жеткізгеніне назар аударды.
Өз кезегінде Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
«Президент мырза, сапар кезінде еліңіздің жан-жақты дамығанына, Сіздің басшылығыңызбен ауқымды өзгерістер жүргізіліп жатқанына куә болдым. Қазақстанға Лаос Президенті ретінде ресми сапармен келіп, Сізбен жүздесу – мен үшін зор мәртебе. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасымызға елеулі үлес қосатынына кәміл сенемін. Келіссөз барысында көптеген мәселені талқылап, өзара ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын айқындаймыз әрі алдағы ортақ жұмысты ақылдасамыз деп ойлаймын», – деді Лаос Президенті.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді