jasqazaq.kz

«Назар аударыңыз, балалар!» акциясы жалғасып жатыр

29 тамыз, 16:36

«Назар аударыңыз, балалар!» акциясы жалғасуда.
Акцияның мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақат алуын азайту.
Іс-шараға 7 мыңнан астам полиция қызметкері, мемлекеттік органдардың, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысуда.
Акция барысында 16 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Әсіресе мына жағдайларға ерекше назар аударылуда:
– балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында жүруі;
– балаларды көлікпен тасымалдау ережелерінің бұзылуы;
– ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамауы;
– кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату.
Алдын алу жұмыстары кезінде қараусыз және панасыз жүрген 1969 жасөспірім анықталды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарының маңындағы жолдар мен жол инфрақұрылымы тексерілді. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою үшін 2290 нұсқама берілді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында жол қозғалысына қатысушылардың барлығына үндеу жасағымыз келеді.

Жүргізушілерге:
Мектептер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында өте мұқият болыңыздар. Жылдамдықты төмендетіп, балаларды көлікпен тасымалдау ережелерін қатаң сақтаңыздар.

Ата-аналарға:
Балаңызбен бірге үйден мектепке дейінгі қауіпсіз жолды тағы бір рет жүріп өтіңіздер. Жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, ең алдымен өздеріңіз дұрыс үлгі көрсетіңіздер.

Балаларға:
Жолда абай болыңдар. Телефонға алаңдамаңдар. Жолдан тек қауіпсіз екеніне толық көз жеткізгеннен кейін ғана өтіңдер.

Балалардың қауіпсіздігі – барлығымызға ортақ жауапкершілік. Ересектердің басты міндеті – әрбір баланың үйіне аман-есен оралуы үшін барлық қажетті шараны жасау.

27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын