jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы: Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек

Бүгін, 14:25

Мемлекет басшысы педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент бүгін Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі.

«Білім беру базасын жаңғырту қолға алынды. Яғни бүкіл мемлекеттік сервис пен қызмет біріктіріледі. Мұғалімдер уақыт алатын шаруадан арылады. Әсіресе, соңғысы өте маңызды. Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек. Мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына, оқу процесіне тікелей қатысы жоқ түрлі қоғамдық іс-шараларға тартқаны туралы жаңалықтар ара-тұра шығып жатады. Бұл жөнінде әлдеқашан келіскенбіз. Бұған жол беруге болмайды. Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктер басқармалары, ең алдымен, құқықтық-нормативтік актілер мен саланы реттеу базасын жетілдірумен, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырумен және білім беру бағдарламаларын мұқият саралаумен айналысуы қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Сурет: Akorda.kz

Бүгін, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
Бүгін, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
Бүгін, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!