jasqazaq.kz

Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды

Бүгін, 13:38

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Алатау қаласы кеңесінің отырысында Мемлекет басшысының жаңа қаланы дамыту, арнайы құқықтық режимді жүзеге асыру, инфрақұрылымды жаңғырту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City жобасын стратегиялық маңызы бар және болашақта елдің дамуын сапалы жаңа деңгейге шығаруға қабілетті деп айқындағанын атап өтті.
Alatau City Authority компаниясының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады. Қазіргі уақытта Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды, инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 6,9 долларды құрайды әрі мұнда 55 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бар. PepsiCo және Sunny Paper кәсіпорындарының жобалары қарқынды жүзеге асырылуда. Mars Petcare KZ, Griffin Logopark, «ДанаФлекс», G-Trans Service компанияларының ірі өндірістік және логистикалық жобалары бойынша жұмыстар басталды. Жаңа қаланың флагмандық жобаларының бірі – Iconic Complex-тің құрылысына дайындық жүргізілуде. KIND K-Smart Town жобасы ілгерілетілуде. Жалпы ауданы 5,3 млн шаршы метр болатын нысандар орналасқан 330 гектар аумақты кешенді түрде дамыту тұжырымдамасы әзірленді: мастер-жоспарды және техникалық-экономикалық негіздемені 2026 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.
Инвестицияларды одан әрі тарту шеңберінде бірқатар жаңа ірі жобалар пысықталуда. Олардың қатарында тұрақты авиациялық отын және жасыл энергетика өндірісі саласындағы Full Vision Capital жобасы, KAIST ғылыми институтының филиалын ашу, логистика, деректерді өңдеу және цифрлық инфрақұрылым саласындағы CIMC жобалары, Sinomach жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешені бар. Қазақ-корей бірлескен инвестициялық қорын қалыптастыру, Hyundai Green Food өндірістік-логистикалық кешенін салу, Iconic Tower жобасына Lotte Hotels & Resorts брендін тарту, Doosan Enterbility-мен энергетиканы, Korea Airports Corporation-мен қалалық әуе ұтқырлығын, сондай-ақ Hyundai Motor Company-мен бірлесіп смарт-ұтқырлық пен сутегі технологияларын дамыту жөніндегі жекелеген уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Alatau Crypto City-ді дамыту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп Tokenization by Default тұжырымдамасы дайындалды. Токенизация жобаларына қатысуға қызығушылық танытатынын 43 халықаралық және қазақстандық компания растады. 2026 жылдың соңына дейін токенизация жобаларын іске қосу жоспарлануда, олардың жалпы көлемі $10 млн-ға жетуі мүмкін.
Кеңес отырысында қаланың инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға назар аударылды. 26 инфрақұрылымдық жоба қарастырылған. Электрмен жабдықтау саласында Көкпа-1 қосалқы стансасын реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалардың бір бөлігі құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталу сатысында, ал қалған жобалар бойынша мердігер ұйымдар айқындалды. Жол инфрақұрылымы аясында 61,2 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу және 15 шақырым жаңа автомобиль жолын салу көзделген.
Жалпы, инженерлік желілер, көлік, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылым озық қарқынмен қалыптастырылатын болады. Бұл жұмысты тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Алатау қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды. Алдағы кезеңде бұл бағыт бюджет қаражатын, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін, сондай-ақ жеке және квазимемлекеттік инвестицияларды ұштастыруды көздейді.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін бизнесті дамыту, цифрлық активтер және басқа да мәселелерді реттейтін құжаттар топтамасын қабылдау жоспарланып отыр. ARUP Group және BCG халықаралық компанияларын тарта отырып, қаланы 2040 жылға дейін дамытудың стратегиялық мастер-жоспары және 2055 жылға дейінгі егжей-тегжейлі жоспары әзірленуде.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Alatau City қаласының дамуындағы негізгі бағыттар бойынша жобаларды одан әрі практикалық жүзеге асыруды және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
JQ-Aqparat
Сурет: primeminister.kz

Бүгін, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
Бүгін, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
Бүгін, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!