jasqazaq.kz

«Turan Barysy»: Кубок кімге бұйырды?

04 қараша 2022, 12:12

Қазақтың төл өнері, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген қазақ күресін насихаттауға елімізде соңғы жылдары алабөтен көңіл бөлініп келеді. Осыдан бір мүшел уақыт бұрын «Қазақстан барысы» республикалық жобасы қолға алынып, елімізде төл спортымыздың дамуына тың серпін болды.

Қазақ күресіне қызығушы жастардың қатары артты. Бұған дейін көпшілікке аса таныла қоймаған атан жілік, апайтөс балуандарымыз спорт жұлдыздары болып, қазақ күресінің брендіне айналды. «Қазақстан барысы» ұлттық жобасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, түйе балуандар қатарының артуына септігін тигізіп келеді. Сонымен қатар, елімізде «Еуразия барысы», «Әлем барысы» сынды ауқымды жобаларды, төл өнерімізден әлем чемпионатын, Азия чемпионатын да өткізіп, ұлттық спортымызды ұлықтауда орасан істерді қолға алды.

Міне, сол дәстүрдің жалғасы іспетті ер Тұранның талбесігі Түркістанда «Turan Barysy» деген атпен тұңғыш рет Азия кубогы өтті. Түркі мемлекеттерінің балуандары бақ сынасқан додада Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Мажарстан, Түркия елінің спортшылары күреске түсті. Жеті салмақ дәрежесінде өткен Азия кубогында еліміздің балуандары кубокты иеленсе, командалық екінші орынды өзбектер алды, қырғызстандық балуандарға қола жүлде бұйырды. Жеңіс тұғырына көтерілген балуандарға Түркістанның символына айналған тайқазан үлгісіндегі кубокпен қоса, қаржылай сыйақы да берілді.

Нұрдан Көшек

26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!