jasqazaq.kz

Полицей де қарғыс айтатын болған (видео)

27 қантар 2021, 10:42

Желіде жолай көлікті тоқтатқан жол полициясының видеосы жаппай тарап, қызу талқыға түсіп жатыр.

Видеодағы оқиға Тараз қаласында болғаны белгілі болды. Онда Жол полиция қызметкері көлікті не үшін тоқтатқанын сұрап, құжат көрсетуден бас тартқан азаматқа лағынет айтқан.

— Атыңыз кім?

— Нұрлыбек.

— Ақ жол! Жортқанда жолың болсын, бауырым! Қарғыс атсын сені!

Осындай диалогтағы видео әлеуметтік желіге тарап қызу талқыға түсіп жатыр.

«Бірі жол сақшысы артық кетті десе, енді бірі тәртіпке бағынбаған көлік жүргізушісін айыптайды. Негізінде полицей жарық шамын жақпаған жеңіл көлікті тоқтатып құжатын сұраған. Алайда жүргізуші ереже бұзғанымды дәлелде деп қасарысып алады. Тіпті инспектор қызметтік куәлігін көрсетсін деп қырсығады. Екеуі біраз сөз таластырып, соңынды аға лейтенант жүргізушіні қарғап-сілейді. Басына бәле тілден келетінін білмеген сақшының мәселесін енді полиция департаменті майшаммен қарап жатыр» деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Инспектордың бейнежетонынан және сырттай бақылау камераларынан бейнежазбаны алу, сондай ақ автокөлік жүргізушісін тауып, одан жауап алу мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын