jasqazaq.kz

9 қарашадан бастап тағы үш жолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылады

Бүгін, 10:04

9 қарашадан бастап республикалық маңызы бар тасжолдардың тағы үш учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылады. Атап айтқанда, Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бурылбайтал және Қызылорда – Арал бағыттарындағы тасжолдарда бақылау жүргізіледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жүйе көлік құралының бақылау аймағына кірген және одан шыққан уақытын тіркейді. Жүріп өткен арақашықтық пен уақыт негізінде орташа жылдамдық автоматты түрде есептеледі. Осылайша жүргізушінің камера алдында ғана жылдамдықты төмендетуі жеткіліксіз, жолдың бүкіл бақыланатын бөлігінде белгіленген жылдамдық режимін сақтау маңызды. Ішкі істер министрлігі қала сыртындағы жолдарда, әсіресе қозғалыс қарқыны төмен және жол түзу болған жағдайда жүргізушілердің жылдамдықты байқамай асырып жіберуі мүмкін екенін ескертеді. Ал жоғары жылдамдық ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып саналады. Мұндай оқиғалардың салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар зардап шегеді.

Сонымен қатар қараша айында күннің ерте батуына, жолдарда көктайғақ, тұман және қардың болуына байланысты жол қозғалысына қатысушылардан ерекше сақтық талап етіледі. Осыған байланысты ІІМ жүргізушілерді жол бойында белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға шақырады.

Сурет: Polisia.kz/видеодан кадр

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді