jasqazaq.kz

25 млрд теңге қаражат тартқан «Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы 8 жылға сотталды

07 қазан, 15:18

Алматы қаласында «Asar Baspana» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шықты. Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған топтың 90 мыңға жуық азаматтан жалпы сомасы 25 млрд теңге қаражат тартқаны анықталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталғандар салымшыларды құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехын жүргізу, тұрмыстық және медициналық техника шығаратын зауыт жұмыс істеп тұрғаны туралы жалған мәліметпен жаңылыстырған. Шын мәнінде, өнімдер өзге жеткізушілерден сатып алынып, «Asar Baspana» логотипімен таңбаланған.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап, азаматтардың пирамидаға деген сенімі азайған тұста, ұйымдастырушылар автомагазиндердің ашылғаны және дилерлермен ынтымақтастық орнатылғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Іс жүзінде автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып, туыстарының атына рәсімделген.

Сот үкімімен Туғанбаев Н.М. 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш ұйымдастырушының әрқайсысына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Он үш өңірлік жетекші 5 жылға шартты түрде сотталды.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 5,6 млрд теңгеге бағаланған бұғатталған активтер жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады. Мүліктің қалған бөлігі мемлекет кірісіне өткізіледі.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті