jasqazaq.kz

12 мың адам көрген TikTok эфирі: былапыт сөз айтқан 53 жастағы Семей тұрғыны 5 тәулікке қамалды

17 қыркүйек, 11:01

Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир барысында былапы, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында полицейлер мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирді анықтады. Эфир барысында әйел адам былапыт сөздер айтып, алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын әдейі көрсеткен және айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Тікелей эфирді шамамен 12 мың адам көрген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасаған әйелдің жеке басын жедел анықтады. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Мадина Баяхметова болып шықты.

Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жасына байланысты бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Әлеуметтік желілер — баршаға қолжетімді ақпараттық кеңістік. Тікелей эфир барысында былапыт сөздер айту, әдепсіз мінез-құлық көрсету және қоғамдық тәртіпті бұзудың өзге де түрлері заңда белгіленген жауапкершілікке негіз болуы мүмкін. Осыған байланысты полиция азаматтарды Заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

Сурет: Видеодан кадр/Polisia.kz

07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде