jasqazaq.kz

Жоғары аудиторлық палата салық түсімі шамадан тыс оптимизммен болжанған деп санайды

Бүгін, 14:22

Жоғары аудиторлық палата өткен жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне өз қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Құжат Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында қаралды.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов атап өткендей, 2025 жылы бюджет жаңа Бюджет кодексі шеңберінде атқарылды. Іс жүзінде әкімшілерге үлкен дербестік берілді. Бұл ретте бюджет процесіне қатысушылардың есептілігі арттырылып, Парламент бақылауы күшейтілді.

Дегенмен мемлекеттік аудиторлар бюджет процесін цифрландыру әлі де іске асырылу сатысында деген тұжырымға келді. Республикалық бюджет қаражаты тек екінші деңгейге дейін ғана қадағаланады, ал олардың нәтижелілік параметрлері қолданыстағы ақпараттық жүйелерде көрініс таппаған.

«Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстары толық интеграцияланбаған. Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың деректері кейбір жағдайларда салыстыруға келмейді. Шығыстарда басымдық беру проблемалары сақталып отыр», — деді Әлихан Смайылов.

2025 жылы 2,4 трлн теңге бюджет қаражаты қайта бөлінген. Жекелеген әкімшілер кейбір бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған көлемінің 90%-ына дейін қайта бөлген.
Жыл ішінде бюджеттен жалпы құны 75 млрд теңге болатын 99 жоба алып тасталды, ал аяқталуы тиіс 600-ден астам инвестициялық жобаның 20%-дан астамы іске асырылмаған.
Тиімсіз пайдаланылған қаражат сомасы 2024 жылғы деңгейден 1,7 есе асып түсті. Ал қаржыны жоғары деңгейде игеру жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге кепілдік бермеді. Орталық деңгейде бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің орта есеппен 5%, өңірлерде33%-ы орындалмаған. Жалпы мемлекет деңгейінде цифрландыру, ауыл және су шаруашылығы, экология және басқа да бағыттар бойынша 11 негізгі ұлттық және 30-дан астам нысаналы индикатордың орындалмағаны анықталды.
Мемлекеттік аудиторлардың есебінше, ЖІӨ болжамының 9 трлн теңгеге асыра орындалғанына қарамастан, бюджетке 335 млрд теңге түспеген. Бұл жоспарлаудағы кемшіліктер мен салық түсімін шамадан тыс оптимизммен болжау салдарынан орын алып отыр.

Атап айтқанда, кірістерді жоспарлау кезеңінде оларды болжау әдістемесі сақталмайды. Керісінше, шамадан тыс параметрлер мен әдістемеде көзделмеген қосымша түсімдер жиі қолданылады.
Аудиторлардың бағалауынша, 2026 жылғы төлемдердің 154 млрд теңгесі 2025 жылға алынып, 900 млрд теңгеге жуық қосымша құн салығы қайтарылмаған. Алайда бұл бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің балансын қамтамасыз етпеген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 244 млрд теңге бөлінбеген және едәуір кредиторлық берешек қалыптасқан.
Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысына сәйкес, салықтық әкімшілендіру сапасына ерекше назар аудару қажет. Өйткені есепті кезеңде салық төлеушілер тарапынан сотқа шағымдану саны өскен. Соңғы төрт жылда шағым сомасының жартысынан көбі салық төлеушілердің пайдасына шешілген.

Көлеңкелі экономикаға және жекелеген тауарлар нарығының жеткілікті деңгейде ашық болмауына байланысты тәуекелдер сақталып отыр. Атап айтқанда, таңбалау мен цифрлық бақылауды енгізуге қарамастан, өндіріс, импорт және нақты тұтыну арасындағы алшақтық өсуде. Мұның бәрі бюджетке түсетін түсімдердің әлеуетін шектейді.
Квазимемлекеттік сектордың экономикаға және мемлекеттік қаржы жүйесіне ықпалы өзгермеген. Сондай-ақ Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру қарқыны баяулап, ал квазимемлекеттік сектордың бюджетке тәуелділігі күшейе түскен.

2025 жылы квазимемлекеттік секторға 812 млрд теңге бағытталған, оның 57%-ы мемлекеттік тапсырмалар арқылы бөлінген. Мемлекеттік тапсырманың өзі ведомстволық бағынысты ұйымдарды конкурстан тыс қаржыландыру нысанына айналып отыр. Кейбір жағдайларда жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің едәуір бөлігі басқа жеке орындаушыларға беріледі.
Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік сатып алу шеңберінде қосымша 1,4 трлн теңге алғаны анықталды.
Жалпы, аудиторлардың пікірінше, квазимемлекеттік сектордағы қаражатты игеру процесінде орындаушылық тәртіп деңгейі төмен және нәтижелілігі шектеулі. Атап айтқанда, жекелеген субъектілердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы талап етілмеген қалдықтары қомақты.
2025 жылы бюджет процесіне бюджеттен тыс қорлар енгізілді. Алайда бүгінде олардың нақты саны туралы толық есеп пен деректер жоқ. Жоғары аудиторлық палата бюджеттің атқарылуы туралы есеспте төрт бюджеттен тыс қор бойынша (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Арнаулы мемлекеттік қор) ақпарат жеткіліксіз деп есептейді.

Аудиторлар мұндай бюджеттен тыс қаражаттың тиімділігі мен ашықтығына толыққанды бағалау жүргізілмейтініне де назар аударды. Парафискалдық төлемдер (жеке және заңды тұлғалар төлейтін міндетті нысаналы жарналар) бақылаудан тыс қалып отыр, себебі олар бюджет жүйесінен тыс жүреді. Бұл олардың толық түсуі мен атаулы пайдаланылуына байланысты тәуекелдер тудырады.

Сөз соңында Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат осы жылы алғаш рет Үкімет есебінде көрсетілгенін және Парламентте қаралғанын атап өтті.
«Жауапты мемлекеттік органдардың берілген ұсынымдарды жоғары деңгейде орындауы маңызды, сондықтан бұл бағыттағы бірлескен жұмыс жалғасады», — деді Палата төрағасы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:04
В Туркестане стартовал «Летний книжный Fest»
Бүгін, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
Бүгін, 10:04
Еуразиядағы жаңа әуехаб
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж