jasqazaq.kz

ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды

01 шiлде, 13:32

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астана қаласында Chevron корпорациясының upstream жөніндегі президенті Клэй Неффпен кездесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйін, соның ішінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің тұрақты операциялық қызметі мен өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарына баса назар аудара отырып, Теңіз кен орнын одан әрі игеру жоспарларын талқылады.
Сонымен қатар ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Бүгінде компаниялар Қазақстандағы перспективті геологиялық барлау жобалары аясындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.
Бұдан бөлек, кездесуде Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы және қосымша экспорттық бағыт ретінде Баку-Тбилиси-Жейхан арқылы әлемдік нарыққа жеткізу мәселелері қаралды.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

JQ-Aqparat 

Сурет: ҚМГ 

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті