«Тотыдайын таранған Түркістан» (Видео)

12 қыркүйек 2022, 10:40

«Жас қазақтың» жаңа жобасы

Таңғажайып Түркістан

Түркістан – түбі бір түркі дүниесінің рухани астанасы. Еуразия кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолындағы дархан дала талай-талай тарихи кезеңдердің куәсі болды. Бүгінде сол Түркістан күн сайын тотыдай таранып, көркейіп, қанатын кеңге жайып үлкейіп келеді.

Түркістанның қызу құрылыс алаңына айналғанына 4 жыл болды. Бауырын керген жүк көтергіш крандарда есеп жоқ. Биыл Түркістан қаласында 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Яғни, 855 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

— 2018 жылы Түркістан облысы құрылғаннан бастап, 29 мың адам үй кезегіне тіркелген болатын. Қазір бұл көрсеткіш екі есеге өсіп, 49 мың 683 адамға жетті. Жалпы, Түркістан облысы құрылғаннан бастап, 3800 отбасы коммуналдық тұрғын үй қорынан қамтамасыз етілді. Оның ішінде әлеуметтік нашар қорғалған отбасы саны 3206 отбасы және көпбалалы отбасы бойынша 1200 азамат қамтамасыз етілді, — дейді Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков.
Көпқабатты тұрғын үйлерді салу бар. «Сапа» деген тағы бар. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан 5, 7, 9 және 12 қабатты үйлердің сапасы қатаң бақылауда. Салыстырмалы түрде айтайық. Жыл басынан бері елімізде 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі. Түркістан облысы тұрғын үй салу бойынша көш бастап тұр. Бұл мадақ үкімет отырысында айтылды. Биыл 6 мыңға жуық тұрғын үй ел игілігіне беріледі.

Әлемде туризмнен табатын кiрiсінiң арқасында күн көрiп отырған елдер бар. АҚШ, Түркия, Мысыр… тізе берсек — көп. Ал Түркістан…. Түркістан тарихи көне архитектуралық кескін-келбетімен ерекшеленеді. Бүгінде Түркістан облысындағы туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып отыр. Сондай нысанның бірі — «Шаға» туристік жағажайының жалпы ауданы 81 гектар. Ал суының сыйымдылығы 2,5 миллион текше метр. Туристік жағажайдың жалпы құны 6 миллиард теңге.

— Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттері қатысқан халықаралық туризм жобасы жүзеге асырылды. Соның арқасында эстрада жұлдыздарының қатысуысен және олардың әлеуметтік желі арқылы таныстыруымен Түркістанның туристік әлеуетін бүкіл әлемге паш еттік. Осы шаралардың нәтижесінде 2022 жылдың бірінші жартысында Түркістанға келген туристердің саны 49 мыңға жетті, — дейді Түркістан облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуов.

Жағажайда емдік қасиетке ие шағыл құм төселіп, ағаш отырғызылған. Жаңа туристік нысанға баратын жолдың сапасы да жоғары деңгейде. Бұл бастамасы. Алдағы уақытта балалар демалыс аумағы, элиталық коттедждер мен қонақүйлер, аквапарк салынады деп жоспарланған.
Түркістан — экологиялық апаттан зардап шеккен Арал теңізіне жақын жатыр. Жері тұзды. Өзіне тән аптап ыстығы, шаң мен желі тағы бар. Төрт жыл бұрын Түркістан шаңы көтеріліп жатқан шаһар еді. Бүгінде шаһарда гүлмен көмкерілген гүлзарлар көбейді. Мыңдаған сәндік өсімдіктер қаланың көркіне көрік қосып қана қоймай, туристерді де тартуға да ықпал етіп отыр. Оған ел куә.
Түркістанға келген туристер қаланың аз уақытта құлпырып шыққанына дән риза.
Түркістанда соңғы бірнеше жыл ішінде 3 миллиондай ағаш егілді. Демеушілер есебінен ағаштар алынып, халықтың көмегімен, мекемелердің демеуімен ағаштар отырғызылды. Ә, дегенде «қылқан жапырақты ағаш түрлерінің ыстық жерге бейімделуі екіталай» деген пікірлер болған. Бекер екен. Өңірде «Жасыл белдеу» жобасы жүзеге асып жатыр. Қаланы қоршай 7 мың гектар алқапқа шамамен 5 млн ағаш көшеттері егілген.

— Бүгінгі таңда сумен жабдықтау жүйесі негізгі мәселе болып отыр. Алдағы жылдары Түркістан бойынша 268 су жинайтын ұңғыма қазу көзделіп отыр, — дейді Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Данияр Сейітов.

Қазір сананы тұрмыс билеген заман. Халық жайлы орта іздейді. Бүгінде Түркістан облысының спорт саласында да сілкініс бар. Өңірде 1520 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істеп жатыр. Ағымдағы жылдың 6 айында Түркістан облысында 1092 бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылған екен. /Бүгінде спортты серік еткен тұрғындар саны облыс халықтың үштен бірін құрап отыр.

Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың айтуынша, 2022 жылы 6 айда облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша ҚР чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 624 медаль еншілеген. Оның 254- алтын. 165-күміс, 205- қола медаль. Аймақ спортшылары Азия чемпионаттарында да жай отындай жарқылдап жүр.

Біз сүйекті-сүйекті салаларды сөз еттік. Аймақта қоғамдық саясати ахуал түрақты. Әр салада даму бар. Өсім байқалады. Сөзімізге «сандар» куә.

26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады