jasqazaq.kz

Шымкентте шалғай аудандарға электр қуаты тартылуда

23 маусым 2022, 17:09

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында елді мекендерде құрылыс жұмысы жалғасуда. Соның бірі – 6 мыңға жуық тұрғыны бар Солтүстік саяжай шағынауданы.

Шағынаудандағы құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде 4 418 электр бағаналары және 22 трансформатор орнатылып, 131 шақырым электр желісі тартылып отыр. Сондай-ақ, қосылу көзі болып табылатын электр тарату станциясы іске қосылуға дайын. Бекітілген жоспарға сәйкес, атқарылып жатқан жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек – қазан айларында толық аяқталып, іске қосу жоспарлануда. Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, Солтүстік саяжай елді мекені өткен жылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Ал, табиғи газбен қамту құрылысы бүгінде «Энергоресурс» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Құрылысы 2023 жылы аяқталып, солтүстік саяжайлықтар келесі жылы көгілдір отынмен қамтылады. Сонымен бірге, жыл соңына дейін Руханият көшесі жарықтандырылады.

Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2021 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстарының 40 пайызға жуығы аяқталды.

Жұмыс барысында 600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 2 шақырым электр желілері тартылды.
Жоспар бойынша, құрылыс жұмысы тамыз айында аяқталып, пайдалануға беріледі. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Нәтижесінде, 653 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады.

Нұртас шағын ауданын табиғи газбен қамту құрылысы да қатар жүргізілуде. Газ жүйелерінің жалпы ұзындығы 15,7 шақырымды құраса, бүгінде оның 75 пайызы орнатылды.
Құрылысын толығымен ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау көзделіп отыр. Биыл шағынаудандағы Тасанбаев және Хан тәңірі көшелерін де жарықтандыру жоспары бар.

Бүгін қала тұрғындарын сапалы электрмен қамту бойынша құрылысы жүріп жатқан тағы бір нысан — Тұран шағын ауданы. Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданының тұрғындары жекеменшік желідегі сапасыз электр қуатын тұтынып отыр. Жарық мәселесін шешу мақсатында өткен жылы ІІ — кезектен тұратын құрылыс жұмысы басталған болатын. Қазіргі уақытта бұл жұмыстардың 60 пайызға жуығы аяқталды.

Айта кетсек, Шымкент қаласы тұрғындарының электрмен қамту көрсеткіші 97%-ды құрап отыр. Атап айтқанда қала аумағындағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді мекен жарықты жекеменшік трансформатордан алады. Қазіргі таңда бұл елді мекендердің барлығында құрылыс жұмысы жүргізілуде. Құрылыс 2022 жылдың соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылып, көрсеткіш 99 пайызға жетеді.

Одан бөлек, жыл соңына дейін Ақжар қосалқы станциясы пайдалануға беріледі. Шымкент қаласының энергетикалық әлеуетін 2025 жылға дейін даму жоспарына сәйкес, электр қуатын таратушы 6 қосалқы станция салу жоспарланған.

Олар: «Ынтымақ» 110/10 кВ, «Қызылсу» 220/110/10 кВ,, «Жұлдыз» 220/110/10 кВ, «Тұран» 110/10 кВ, «Шымсити» 110/10 кВ, «Ипподром» 110/10 кВ қосалқы станциялары.

Тоқтар Жақаш

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған