jasqazaq.kz

Орға жыққан онлайн – махаббат

23 шiлде 2021, 14:32

Елімізге танымал бір әнші виртуалды алаяқтың құрбаны болды. Әлеуметтік желі арқылы бір жас жігітпен танысып, олар онлайн түрде қарым-қатынас орнатқан. Ер адам оған сезімін білдіріп, сеніміне кірген. Тіпті үйленуге уәде беріпті. Сөйтіп әнші қызды халықаралық платформа арқылы криптовалютаға қомақты ақша салуға көндірген.

31 телеарнаға берген сұхбатында әнші қыз әлгі жігітпен сәуір айында әлеуметтік желіде танысқанын айтады. Бізде әншімен әлеуметтік жері арқылы тілдестік. Алаяққа алданып қалғанын айтып, өкініп отыр. Әлгі онлайн күйеу үйленуге ұсыныс жасап қана қоймай, бірінші некеден туған баласын асырап алуға уәде беріпті. «Сеніміме кірді. Үйленетінін, той болатынын, балаларымыз болатынын айтты. «Сенің ұлың – менің ұлым, сенің анаң – менің анам» деді», – дейді өзі.
Хат алмасу барысында ер адам үнемі бір инвестициялық компанияның платформасы арқылы табыс табуға кеңес берген. Нәтижесінде, қыз алдымен аз мөлшерде инвестиция сала бастапты. Кейіннен көлігі мен екі пәтерін сатып ақша аударған. Желідегі жігітке сеніп қалған ол компанияға 100 мың доллардан астам қаражат аударады.

Бизнес-аккаунтының шотына көлемді сома жиналған кезде, қаражатты алуға тырысқан. Ал оператор салық төлеуін сұрайды. Нәтижесінде, оған карточкалық шоттағы мәселелерге байланысты ақшаны алуға болмайтыны айтады. Ол «Инвестициялық платформаға ақшаны аудару керек. Black Rock деп аталады. Платформа ақшаны қабылдайды, бірақ бермейді», – дейді.
Біраз зерттеу жүргізгеннен кейін, әнші қыз әлеуметтік желідегі жігітінің суреті қытайдың белгілі бір актері екенін біліп, опық жеп қалады. Ал онымен хат алмасқан мүлде басқа адам болып шығады. 100 мың долларлық онлайн махаббат бар-жоғы үш айға ғана созылыпты. Ақырында қыз бен оның анасы барлық мүлкінен айырылып, қарызға батқан. Қазір жеті жасар баласымен бірге туыстарын паналап жүрген көрінеді.

Психологтар әншіге гипноз секілді адам психикасына әсер етудің арнайы әдіс қолданған болуы мүмкін дейді. Тақырға отырған ол полицияға арыз жазған. Бірақ тәртіп сақшылары оған көмектесе алмайтын сияқты. Оның айтуынша, бұл ұйымның жұмыс ауқымы өте үлкен. Зардап шеккендер тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де бар болуы мүмкін.

Айдос Құсайынұлы

Бүгін, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді