Қарағандыда оқушылар сыныптас қыз үшін жаппай төбелес шығарды: Зардап шеккендер бар

06 наурыз, 12:09

Қарағандыда оқушылар қыздар үшін жаппай төбелес шығарды. Салдарынан 9-сыныптың еку оқушысы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпанның басында жоғарғы сынып оқушылары төбелесіп қалды. Куәгерлердің айтуынша, екі тоғызыншы сынып оқушысы сыныптас қызының фотосын танысу сайтына жариялап, оның толық анкеталық мәліметтері мен телефон нөмірін көрсеткен. Қыз бұл туралы жоғары сынып оқушыларына шағымданған. Кейін оныншы сынып оқушылары қызға араша түспек болып, 14 және 15 ақпанда тоғызыншы сынып оқушыларымен кездесіп, соңы төбеске ұласқан. Салдарынан екі оқушы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға куәгерлері 10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларымен “бірге-бір” шыққанын айтады.

Қарағанды облысы білім басқармасы мектеп оқушылары арасында төбелес болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, оқушылар арасындағы жанжал кешкі уақытта болған.

“Төбелес Потанин атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып және 9-сынып оқушылары арасында болған. 9-сынып оқушылары жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 17 ақпанда мектепте төбелеске қатысқандармен алдын ала кеңесі өтті. Кеңестің шешімімен 10-сынып оқушылары мектепішілік профилактикалық есепке алынды. Мектеп әкімшілігі оқушылар арасында жанжалдың алдын алу мақсатында жұмыс жүргізді”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ басқарма ата-аналар мен оқушыларға қатысты қосымша шаралар қабылдау құқық қорғау органдарының құзыретіне кіретінін атап өтті.

Қарағанды облыстық полиция департаменті оқушылар арасындағы төбелеске қатысты тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

“Полиция Қарағандыда ақпан айының ортасында болған төбелес кезінде екі кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Жедел-іздестіру шаралары барысында оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Олардың үшеуі – 15 және 16 жастағы жасөспірімдер”, – делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, олар қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға шақырылып, есепке алынды.

“Жәбірленушілерге қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесіне сәйкес процестік шешім шығарады. Қылмыстық істі тергеу аяқталғаннан кейін күдіктілердің ата-аналарына қатысты шаралар қабылданады. Полиция департаментінің басшылығы бұл оқиғаны ерекше бақылауда ұстап, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басымдық берілетінін атап өтті”, – деп мәлімдеді полиция.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай оқиғалар тек құқықтық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту және қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу қажеттілігі тұрғысынан да қаралуы маңызды.

16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі
28 наурыз, 17:40
“Жұмысшыларды роботтар алмастырып жатыр”. Кентау трансформатор зауыты инновациялық дамуға көшті
28 наурыз, 15:18
Машина жасау: инновациялық серпіліс