jasqazaq.kz

Бүгін — Астана күні

06 шiлде 2024, 9:53

 

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, астананы оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Ол үшін елдің бүкіл аумағы зерттелді. Ақырында таңдау Ақмола қаласына түсті.
1994 жылы 6 шілдеде сол кездегі Жоғарғы кеңес астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
1997 жылы 20 қазанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылы 10 маусымда өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін елорданың туған күні ретінде мерекеленіп келді. Кейінірек заңға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды.
26 жылдың ішінде адам танымастай өзгерген Астана халқының саны бүгінде 1,5 миллионға жетті.
Тәуелсіз еліміздің Астанасы гүлденіп, көркейе берсін!
JQ-Aqparat

30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
30 сәуiр, 13:15
Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды