jasqazaq.kz

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды

02 шiлде, 9:00

Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдарға қатысы бар тұлғаларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, оларға басшылық ету және қатысу, оның ішінде трансұлттық сипаттағы фактілер бойынша 38 қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша да қылмыстық істер тергелуде, деп хабарлайды jasqazaq.kz. ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«- Әр түрлі қылмыс жасағаны үшін қылмыстық ортаға қатысы бар 160-тан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Азаматтар мен кәсіптердің қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстардың жолын кесуге ерекше назар аударылуда. Полицейлер кәсіпкерлер мен білім беру ұйымдарында жасалған және өзге де қылмыстарға қатысты 270-тен астам бопсалау фактісін анықтады. Еліміздің өңірлерінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар 30-дан астам қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Басым бағыттардың бірі — қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, жазасын өтеп жатқан қылмыстық орта өкілдерінің мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбауы және қызметкерлерге қауіп төндіру фактілері бойынша 50-ден астам қылмыстық іс тіркелді. Трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. ІІМ бастамасымен «заңдағы ұры» деп аталатын санатқа жататын, сондай-ақ шетелдік қылмыстық орта өкілдері саналатын 500-ге жуық адамның Қазақстан Республикасына кіруіне тыйым салынды.

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңды іске асыру аясында 80-нен астам қылмыс анықталды. Зардап шеккендерге қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етілді. Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметінің жолын кесу, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң бұзған тұлғалардың жазадан жалтармауын қамтамасыз ету бағытында дәйекті әрі принципті жұмысын жалғастырады.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар