jasqazaq.kz

ЖСДП Құрылтай сайлауы қарсаңында сайлауалды бағдарламасын ұсынды

08 шiлде, 17:58

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия азаматтардың табысын қысқартпай, төрт күндік жұмыс аптасына кезең-кезеңімен көшуді ұсынды. Бұл туралы партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада өткен ЖСДП-ның кезектен тыс XXV съезінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасының экономикалық бөлігінде еңбек адамына қолдау көрсетуге, лайықты еңбекақы төлеуге және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге ерекше басымдық берілген.
Біздің бағдарламамызда еңбек адамына айрықша мән беріледі. Бұл –лайықты еңбекақы, қауіпсіз еңбек жағдайы және жаңа жұмыс орындарын ашу,-деді Мақсұт Насибулов.
Сондай-ақ ол партияның азаматтардың табысын сақтай отырып, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқартуды қолдайтынын айтты.

Біз азаматтардың табысын төмендетпей, төрт күндік жұмыс аптасына кезең-кезеңімен көшуді қолдаймыз,- деді ЖСДП Орталық аппаратының жетекшісі.
Бұдан бөлек, партия ауылдық аумақтарды дамытуды, агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртуды және ауыл тұрғындары үшін заманауи өмір сүру жағдайларын жасауды қолдайды.
ЖСДП-ның кезектен тыс XXV съезі 8 шілдеде Астанада өтіп жатыр. Делегаттар партияның сайлауалды платформасын талқылап, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітуде.

Сурет: baq.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар