jasqazaq.kz

Жолбарыс Үміт алғашқы күндері қасқыр мен қабанды жеді

20 тамыз, 17:09

10 күн ішінде мамандар оның қозғалысын бақылап, жүрген жерлерін зерттеп келеді. GPS-қарғыбау арқылы жолбарыстың қай аумақта болғаны анықталып, кейін сол жерлерге далалық тексеру жүргізіледі. Алғашқы күндердің өзінде Үміттің өздігінен аң аулай алатыны белгілі болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz  Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Мониторинг барысында оның қасқырды аулап, бірнеше күн бойы сол олжамен қоректенгені анықталды. Кейін жабайы қабанды да ұстаған.

Бұл — Үміттің жаңа ортаға бейімделіп, табиғи жағдайда өз бетінше тіршілік ете бастағанының маңызды белгісі.

Қазір мамандар оның қозғалысын күн сайын қадағалап, табиғи ортаға бейімделу барысын зерттеуді жалғастыруда.

Алғашқы 10 күннің нәтижесі Үміттің табиғи ортадағы дербес тіршілікке бейімделу үдерісі сәтті өтіп жатқанын көрсетеді.

Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді