jasqazaq.kz

Жеке деректерді интернетке жарияламаңыз: ІІМ жасөспірімдерге үндеу жасады

27 шiлде, 9:11

Ішкі істер министрлігі жасөспірімдерді интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жеке деректерін жарияламауға шақырды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Ішкі істер министрлігі еске салады: интернеттегі қауіпсіздік қарапайым, бірақ маңызды ережелерден басталады. Әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауға, білім алуға және өміріңіздегі қызықты сәттермен бөлісуге мүмкіндік береді. Алайда ашықтық сіздің қауіпсіздігіңізге қауіп төндірмеуі тиіс.

Негізгі ережелер: Мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді, оқитын мектебіңізді, сабақ кестесін және сіздің орналасқан жеріңізді анықтауға мүмкіндік беретін басқа да жеке мәліметтерді жарияламаңыз. Геолокацияны көрсететін фото мен стористі нақты уақыт режимінде салмаңыз. Ондай материалдарды сол жерден кеткеннен кейін ғана бөліскен дұрыс. Достар қатарына тек жеке танитын адамдарды ғана қосыңыз. Парақшаңыздың құпиялық баптауларын реттеп, жарияланымдарыңызды тек сенімді адамдар көретіндей етіп қойыңыз. Бейтаныс адамдарға жеке фотоларыңызды, құжаттарыңызды немесе өзге де құпия ақпаратты жібермеңіз. Егер бейтаныс адам сізге шамадан тыс назар аударып, жеке мәліметтеріңізді сұраса, қайда жүргеніңізді білетінін айтса немесе қорқытуға тырысса, онымен байланысты бірден тоқтатыңыз. Күмәнді аккаунтты бұғаттаңыз. Мұндай жағдайлар туралы міндетті түрде ата-анаңызға, заңды өкіліңізге немесе сенім артатын ересек адамға айтыңыз.

Есіңізде болсын: сіздің қауіпсіздігіңіз жазылушылар саны мен лайктардан әлдеқайда маңызды. Цифрлық ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау жеке деректеріңізді қорғауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектеседі.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар