jasqazaq.kz

Жарты жылда елдегі музей-қорықтарға 784 мыңнан астам адам барды

Бүгін, 13:48

Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында еліміздегі музей-қорықтарға 784 122 адам барды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жалпы 7 638 экскурсия ұйымдастырылып, 198 көрме өткізілді. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу және ағартушылық бағыттағы бірқатар жоба жүзеге асырылды.
Музей-қорықтар – мәдени туризмді дамытудағы маңызды орталықтардың бірі. Әрқайсысы археологиялық ескерткіштер, тарихи орындар, мемориалдық кешендер мен ашық аспан астындағы бірегей мұра нысандарын біріктіреді. Осындай бағыттардың қатарында Жошы хан мен Алаша хан кесенелері, Теректі әулие және Әулиетау орналасқан Ұлытау, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан Түркістан, сондай-ақ мыңдаған көне петроглифтерімен танымал Таңбалы музей-қорығы бар.

Экскурсия жүргізумен қатар, тарихи-мәдени мұраны сақтау ісі де жүйелі түрде жалғасып келеді. Тарихи ескерткіштерде ғылыми зерттеу ісі атқарылып, реставрациялау және сақтау жұмыстары жасалды. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде желдету шахталары тексеріліп, ескерткіш құрылымдарының беріктігін сақтауға бағытталған ғылыми жұмыстар жүргізілді. Ал Сарайшық қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар атқарылып, тарихи жерлеу орындары қайта қалпына келтірілді.

✔️Алғашқы жартыжылдықта 4 конференция өткізіліп, 4 ғылыми жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар «Есік» және «Берел» музей-қорықтарының қызметкерлері архив қорларын зерделеу мақсатында Түркия, Польша және Қытайда тағылымдамадан өтіп, ғылыми экспедицияларға қатысты.

Ғылыми жұмыстардың нәтижесінде 9 ғылыми мақала жарық көрді. Оның ішінде халықаралық ғылыми базалар мен салалық басылымдарда жарияланған еңбектер де бар. Бұдан бөлек, шетелдік серіктестермен қоса алғанда, 25 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Музей-қорықтардың өкілдері Анкара, Сиань, Якутск және Астана қалаларында өткен халықаралық форумдарға қатысып, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттау бағытындағы тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ сала мамандарының еңбегі жоғары бағаланып, 10 қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Алпамыс Өтепов: Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты