jasqazaq.kz

Жаңақорғанда су тарату станциясы іске қосылды

06 тамыз, 18:45

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған кенті «МАИ бекеті» шағын ауданындағы су тарату станциясын және қосылу тармағын пайдалануға беру рәсіміне қатысты.

Салтанатты шарада аймақ басшысы аудан тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Бас прокуратураның ұйымдастыруымен 2025-2026 жылдары мемлекетке қайтарылған активтер есебінен өңірімізге 45 млрд. теңге қаржы бөлініп, 31 жоба іске асты. Оның ішінде Жаңақорған кентіндегі су тарату станциясын салуға 1,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде, 1500-ге жуық үй сапалы ауызсумен қамтылып, тұрғындар қуанышқа кенеліп жатыр.
Мемлекет басшысына, Бас прокуратураға аймағымыздағы ауқымды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсеткені үшін Сыр жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін!», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серхожа Ыдырысов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және су тарату станциясы құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы төрт жылда Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен өңір бюджеті 809 млрд. теңге болып, екі есе өсті. Ал даму бюджеті 4,3 есе артты.
Бұл қаражат аймақтың ең өзекті мәселелерін шешуге, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды.
Бүгінде облыс тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылған. Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдандырылып, қамту деңгейі 85 пайыз болады.
Бұдан бөлек, үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында 6 200-ден астам пәтер беру жоспарлануда. Облыс бойынша 141 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өткізіліп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95,5 пайызға жеткізіледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде