jasqazaq.kz

Жаңа Конституция – жаңа міндеттер: AMANAT «Әділет» партиясына қосылуға дайын

12 маусым, 16:58

Астанада өткен «Аmanat» партиясының кезекті съезінде «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Астанада еліміздің барлық өңірінен келген делегаттардың қатысуымен AMANAT партиясының XXVI съезі өз жұмысын бастады. Қатысушылар есепті кезеңдегі Саяси кеңес пен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жұмысының қорытындыларын қарап, партия қызметінің алдағы бағыттарын талқылады.

Партияның Мәжілістегі фракция мүшесі Үнзила Шапақ Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған саяси реформалар елді ауқымды жаңғыртудың негізіне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл реформалар әділетті мемлекет қағидаттарын бекіткен және азаматтардың саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейткен жаңа Конституцияның қабылдануына жол ашты.

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко жаңа Конституция елдің одан әрі дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырғанын атап өтті. Оның пікірінше, реформалардың табысты болуы олардың өңірлерде жүйелі түрде жүзеге асырылуына байланысты. Партияның Мәжілістегі фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов жүргізіліп жатқан реформалар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанын мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы медициналық орталығының директоры, бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлмира Сағидуллина партия ұйымының әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды іске асыру, отбасыларды, жастарды, ардагерлерді және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау бағытындағы жұмысы туралы айтты.

Делегаттар AMANAT партиясына «Әділет» партиясының қосылуы туралы мәлімдеме жасады. Олар бұл қадам елді дамытудың стратегиялық міндеттерін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп отыр.

JQ-Aqparat

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар