jasqazaq.kz

Жамбыл облысында мыңға жуық үй жылусыз қалды

13 желтоқсан 2023, 10:24

Жамбыл облысында түн жарымында магистральды газ құбыры жарылып, 5 елді мекендегі 980 үй жылусыз қалды.
Атап айтқанда, Жамбыл ауданындағы Қызылқайнар, Жасөркен, Жалпақтөбе, Қызылдихан, Гродеково ауылдарының тұрғындары газсыз отыр.
Оған қоса осы елді мекендердегі 8 әлеуметтік нысан да жылудан ажырап қалды. Апат Гродеково ауылында түнгі 22:10 шамасында болған.
Алдын ала болжам бойынша, құбыр қысым әсерінен жарылған болуы мүмкін. Қазір сала мамандары 20 метрден асатын құбыр бөлігін жалғап жатыр. Апатқа байланысты аймақта арнайы штаб құрылды.
«Жөндеу жұмыстары шамамен 4-5 сағат жүргізіледі деген ойдамыз. 10 жерден дәнекерлеу, жалғау жұмыстарын жүргізу керек. Әлеуметтік нысандардан 4 мектеп, 2 балабақша, 2 медициналық ғимарат жылусыз тұр. Оған байланысты жанар жағармаймен жұмыс істейтін арнайы құрылғы насостармен олардың жылу жүйесін айналдырып, қатып қалмау үшін әрекет жасалып жатыр», — дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібеков.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс