jasqazaq.kz

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

28 маусым, 14:40

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай медиа саласының мамандарына баспана кілті салтанатты түрде тапсырылды.

Атап айтқанда, «Qazaqstan», «Хабар, «Еуразия», «КТК», «З1 арна» телеарналарының, «Қазақ газеттері» ЖШС, «Жас Алаш», «Время», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» басылымдарының және «Шалқар» радиосының қызметкерлеріне, барлығы 15 пәтер берілді.
«Dara» Президенттік бастамалар қоры ұйымдастырған іс-шараға Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров арнайы қатысып, алматылық әріптестерді жаңа қонысымен құттықтады.
– Өздеріңіз білесіздер, Президент отандық журналистиканың дамуына ұдайы көңіл бөледі. БАҚ қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел мен ұлт мүддесі үшін қызмет етіп жүрген журналистердің еңбегіне ерекше тоқталып өтіп: «Сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады», – деп айтқан еді. Осы тапсырмаға сәйкес, биыл алматылық әріптестеріміз де жоба игілігін көріп жатыр. Алматы – қазақ баспасөзінің қарашаңырағы. Көптеген дәстүрлі ақпарат құралдарының тарихы осы шаһардан бастау алады. Мемлекет басшысы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін әрқашан назарда ұстап отырады, – деді Айбек Смадияров.
Биыл БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер табысталады. Оның ішінде Астана қаласында – 15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді.
Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын «Dara» Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді.
Атап өтерлік жайт, өткен үш жылда Президент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілді.

JQ-Aqparat

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды