jasqazaq.kz

Жалған ақпарат, салғырттық және бұзақылық: «КазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы сот басталды

11 маусым, 11:38

Қазақстанда «КазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы дауға қатысты сот қарауы басталды.
Іс материалдарына сәйкес «КазТАГ» агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов «Фридом Финанс» АҚ-ға қарсы ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырды деп айыпталуда. Ал агенттіктің бас директоры Асет Матаевқа коммерциялық ұйымдағы басқару функцияларын тиісінше орындамағаны үшін және бұзақылық бойынша айып тағылып отыр.
«Фридом Финанс» компаниясының мәлімдеуінше, 2025 жылы «КазТАГ» агенттігі компанияға қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырып, алаяқтық, қаржы пирамидасын құру және клиенттердің қаражатын заңсыз шығару туралы айыптаулар қамтылған теріс сипаттағы материалдар жариялаған.
Ал тергеудің мәліметіне сәйкес, «КазТАГ» агенттігінің бас директоры Әсет Матаев басқарушылық міндеттерін тиісінше орындамай, редакция қызметіне қажетті бақылауды қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан тергеу дерегінше, «Фридом Финанс» компаниясы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан заң бұзушылықтарға жол берілген.
Әсет Матаев, сондай-ақ, бұзақылық үшін де жауапқа тартылып отыр. Еске салсақ, 2026 жылғы 17 наурыздан 18 наурызға қараған түні Алматы қаласындағы «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығының маңында Матаев танысымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен күйде 20 жастағы екі жігітпен жанжалдасып, кейін ол төбелеске ұласқан.
Тергеу мәліметінше, Әсет Матаевтың әрекеттеріне күш қолданумен ұштасқан, адамдар тобы жасаған бұзақылық деген құқықтық баға беріліп отыр.
Бұған дейін «Фридом Финанс» компаниясы «КазТАГ» басшылығы өз кінәсін мойындаған жағдайда татуласуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

 

Бүгін, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
Бүгін, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы