jasqazaq.kz

Үш адамның өмірін қиған әл-Фарабидегі апат: Александр Пакқа 10 жыл жаза кесілді (Видео)

22 маусым, 19:30

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апаты бойынша сот үкімі шықты. Үш адамның өліміне себеп болған Александр Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот шешімімен ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылып, жәбірленушіге 10 млн теңге төлеуге міндеттелді. Жазасын қауіпсіздігі ең төмен мекемеде өтейді.
Судья сотталушының кінәсі куәгерлердің жауабы, іс материалдары және сараптама қорытындылары арқылы толық дәлелденгенін мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні болған. Апат салдарынан Еламан Қайыржанұлы, Құмар Теңелбаева және Томирис Қыдырбек көз жұмды.
Сот барысында Александр Пак кінәсін толық мойындап, марқұмдардың жақындарынан кешірім сұрады. Ол бостандыққа шыққаннан кейін де қаза тапқандардың отбасына көмектесуге дайын екенін айтты. Ал жәбірленуші тарап оны кешіріп, соттан бас бостандығынан айырмауды сұраған.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді