jasqazaq.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға төмендетті

24 шiлде, 13:30

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайызға дейін төмендетті, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай шешімге төмендегі факторлар әсер етті:
— Жылдық инфляция тоғызыншы ай қатарынан баяулап келеді. Маусым айында оның деңгейі 10,3%-ды құрады. Мамырда бұл көрсеткіш 10,4% болған.

— Сыртқы нарықтағы құбылмалылық әлі де сақталып отыр. Таяу Шығыстағы қақтығыстың қайта шиеленісуі энергия тасымалдаушылар бағасының өсуіне ықпал етті. Ал әлемдік азық-түлік бағасы әртүрлі бағытта өзгеріп жатыр.

— Елдегі экономикалық белсенділік артып келеді.

— Инфляциялық тәуекел әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар, қазіргі қатаң ақша-несие саясаты, бұған дейін қабылданған шешімдердің кешіктірілген әсері және валюта бағамының динамикасы инфляцияны тежеуге ықпал етуде.
Еске түсірсек, бұған дейін Ұлттық банк маусым айында соңғы сегіз айда алғаш рет базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендеткен еді. Мөлшерлеме туралы келесі шешім 4 қыркүйекте жария етіледі.
JQ-Aqparat
Сурет: fingramota.kz

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты