jasqazaq.kz

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында уақытылы төлегендер үшін тариф сақталады

07 тамыз, 9:29

Сурет: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысын алу тәртібіне өзгерістер енгізді. Тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасы Көлік министрі міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді. Енгізілген өзгерістердің басты ерекшелігі – жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушылар үшін төлем мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Осылайша, төлемді уақытылы жүргізетін пайдаланушылар үшін жол жүру құны көлік құралының санатына қарай 0,07 АЕК-тен (302,75 теңге) 0,22 АЕК-ке (951,5 теңге) дейінгі мөлшерде сақталады.

Сонымен қатар, бұйрықпен негізгі тарифтер қайта қаралды. Олар көлік құралының санатына қарай 0,14 АЕК-тен (605,5 теңге) 0,44 АЕК-ке (1903 теңге) дейін белгіленген. Алайда бұл тарифтер жол жүру ақысы тіркелген күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда ғана қолданылады.

Яғни енгізілген өзгерістер төлем тәртібін сақтауды ынталандыруға бағытталған және жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушыларға әсер етпейді.

Жол жүру құнын есептеу тәртібі өзгеріссіз қалады. Бұрынғыдай төлем мөлшері көлік құралының санатына және ақылы жол учаскесінде бір сағатқа дейін болуына қарай есептеледі. Жүріп өткен қашықтық жол жүру ақысына әсер етпейді.

Алматы облысының Талғар, Қарасай және Іле аудандарының тұрғындары үшін қолданыстағы жеңілдіктер де сақталады. Бұл санаттағы пайдаланушылар үшін айлық және жылдық абонементтердің құны өзгермейді.

Өзгерістер бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енеді.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді