jasqazaq.kz

Үкімет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесті

Бүгін, 13:10

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысы ең алдымен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесті.
Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын, қазақ-қытай ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын, оның ішінде сауданы дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту, АӨК, көлік-логистика және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Олжас Бектенов Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған Конституцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған бастамалары бекітілген. Атап айтқанда, «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, инвестициялық ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және заң үстемдігі кепілдіктерін арттыру жөніндегі шаралар күшейтілді.
Үкімет басшысы: «Қазақстан мен Қытайды өзара құрмет пен қолдауға негізделген достық және ынтымақтастық байланыстырады. Бүгінде екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында дамып, жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басты. Мемлекеттеріміздің көшбасшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы берік сенімге негізделген сындарлы диалог серіктестіктің үлгілі моделіне айналған мемлекетаралық қатынастардың орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші болып отыр»,
— деп атап өтті.
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян стратегиялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
«Кейінгі жылдары екі ел арасында жоғары деңгейде тығыз байланыс орнады, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын кездеседі. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік өзара қолдау мен тату көршілік үлгісіне айналып, ұдайы тереңдей түсуде. Қазіргі халықаралық жағдайда екі ел сенімді серіктестер ретінде ортақ дамудың игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеу үшін өзара үйлестіруді нығайтуы қажет. Қытай тарапы саяси өзара сенімді нығайтуға, даму стратегияларын үйлестіруге және екі ел халқының игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын»,
— деді Ли Цян.
Қытай Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 48 млрд доллардан асты. ҚХР-дан тартылған тікелей инвестиция көлемі – 2,8 млрд доллар.
Агроөнеркәсіп кешендегі екі жақты сауда көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде. Былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес, аталған бағыт бойынша тауар айналымы 36%-ға өсіп, 1,9 млрд доллардан асты. Көлік-логистика саласында Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық тасымалында шешуші рөл атқарады: республика аумағы арқылы жүк ағынының 85%-дан астамы өтеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы теміржол тасымалы 11% өсіммен 35,6 млн тоннаға жетті.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции