jasqazaq.kz

ҰҚК мен полиция арнайы операция жүргізіп, бопсалауға қатысы бар 10 күдіктіні ұстады

07 шiлде, 12:00

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Ақсу және Екібастұз қалаларының аумағында бірнеше рет бопсалау қылмысын жасады деген күдікке ілінген адамдар тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер азаматтарды қорқытып-үркіту арқылы олардан жүйелі түрде ақша талап еткен. Зардап шеккендердің қатарында жоғары оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері бар. Жүргізілген тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және қылмыстық іс үшін дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

– Бопсалау деректері бойынша қылмыстық істер тіркелді. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Диас Қадыров.

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді