jasqazaq.kz

ҰҚК 10 күнде шекарада 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықтады

11 тамыз, 14:30

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі осы жылдың 1-10 тамызы аралығында өткізу пункттерінде валютаны заңсыз алып шығудың 70 әрекетін анықтады. Жалпы сомасы 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды., деп хабарлайды jasqazaq.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекелеген жағдайлардың бірінде Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында шетел азаматында киімінің астына жасырылған 70 000 АҚШ доллары (32 550 000 теңге баламасында) анықталды.

Көрсетілген фактілер бойынша материалдар процесcуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органға берілді.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сомадан (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) жоғары қолма-қол ақша қаражатын республика аумағынан тыс жерге алып шығуға тыйым салынатынын еске салады.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар