jasqazaq.kz

ҰБТ тапсыруға көмектесу: Албаниядан алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды

29 маусым, 10:39

Сурет: Бас прокуратура

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Албаниядағы Елшілігінің қолдауымен бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден экстрадициялады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алаяқтық жасағаны үшін күдікті Албаниядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Албаниядағы Елшілігінің қолдауымен бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден экстрадициялады.

2022-2023 жылдар аралығында күдікті интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғарғы оқу орындарына кепілді түрде түсу бойынша қызметтер көрсету туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқан.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың мамыр айында ол Албания Республикасында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар