jasqazaq.kz

Усэйн Болт: «Манчестер Юнайтедте» ойнағым келеді

13 қараша 2016, 12:44

pic_0639eeec3897d850557b5291f951c826

Атағы жер жарған ямайлық жүйрік Усэйн Болт жеңіл атлетикадан кеткеннен кейін кәсіби футболшы болғысы келетіндігін мәлім етті.

ҚазАқпарат хабарлағандай спортшы дортмундық «Боруссия» командасымен бірге бірнеше жаттығу өткізбек, деп хабарлайды The Guardian. «Бұдан не шығатындығын көреміз»,- деді Болт. Сонымен қатар ол ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубына жанкүйер екендігін де атап өтіп, оның бас жаттықтырушысы Жозе Моуриньюмен кездескісі келетіндігін айтты. «Егер мен «Манчестер Юнайтед» үшін ойнай алсам, бұл арманымның орындалғаны болар еді»,-деп қосты 30 жастағы спортшы. Айта кетер болсақ, Усэйн Болт Бейжіңде (2008 жыл), Лондонда (2012) және Рио-де-Жанейрода (2016) жалпы алғанда тоғыз алтын медаль иеленген болатын. Бұған қоса әлем чемпионаттарында 11 рет жеңімпаз атанды.

 

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді