Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов 2024 жылды «Профилактика жылы» деп атап, жасөспірімдер қылмысы немесе оларға қатысты жасалатын қылмыстың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды. Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысы Төлеби аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары құрамы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бастамасымен жастар көп шоғырланатын орындар, ойын-сауық орталықтары, кафе және басқа да аумақтарда түнгі рейд жұмыстарын ұдайы түрде жүргізуде, деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс-шаралар аясында тәртіп сақшылары жастар көп шоғырланатаын аумақтарды аралап, ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге ескерту берілді. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта жоспарлы түрде іске асырылады.
Аптаның бірінші күні, Төлеби аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен саптық тексеру өткізілді. Саптық тексеруде полиция қызметкерлерінің сыртқы келбеті, таза әрі ұқыпты және нысандық киім кию үлгісінің талапқа сай болуы басты назарда. Автокөліктердің техникалық жағдайы, жол парағы мен қажетті қосалқы құралдарының күйі тексерілді.
Сонымен қатар Төлеби аудандық полиция бөлімінде бөлім бастығының төрағалығымен Аппараттық кеңес жүргізілді. Учаскелік тірек пунктарының жауаптыларынан әкімшілік аумақтағы жағдай бойынша баяндамалар тыңдалды. Азаматтардың арыз, сұраныс, шақыртулары бойынша дер кезінде шешім қабылдау үшін, қажет болған жағдайда қосымша күштер жұмылдыру тапсырылды.
Бөлім бастығы, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылық талаптарын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтауды талап етті.
Сонымен қатар Төлеби аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесі патрульдік полиция тобының инспекторлар құрамы Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе, жол бойында жүргізушілермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онда жолдағы ең жиі кездесетін жағдайлар, яғни арнайы техниканың артықшылықтары, «жол қақпандары», соқтығысулар, қозғалмайтын бөгеттерге соғу, жаяу жүргіншілерді қағу, автокөліктердің аударылу жағдайлары айтылды.
Теориялық танымдық бөлігінде полиция капитаны М. Сенгирбаев өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелері туралы айтып, өрт сөндірушілерді көлік құралдарын басқару кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және жол қозғалысынң ережелерін бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы хабардар ақпараттандырып, жиналысты қорытындылады. Ал тамыз айының 5-12 тамыз күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, ұлт аралық жанжалға жол бермеу, жол ережесін сақтау, ата-ананы жасы үлкенді құрметтеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу тақырыптарында тәрбиелік жұмыстары ұйымдастырылуда.
Ювеналды полиция тобының инспекторлары, арнайы көлікте, аудан орталығында түнгі рейдтік шараларын жүргізді, нәтижесінде 10 жасөспірім түнгі сағат 23.00 ден кейін үй-жайдан тыс жүргені, 2 заңды өкілге балалары ортақ пайдалану орындарын ластағаны, 1 ата-анаға балаларын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамау баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкердері аудан көлеміндегі ұйымдармен бірлесе күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатын айтты.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі