jasqazaq.kz

Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде

12 сәуiр 2024, 12:11

Түркістан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Сайрам ауданының полицейлері республикалық жобаны жүзеге асыруға үлес қосуда. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс-шараның мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, ІІО есебінде тұратын адамдарды (бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар, психикалық науқастар, әкімшілік қадағалау белгіленген, «педофил» және «психикалық мекемелерде есепте тұратын педофилдер») тексеру, кәмелет жасына толмағандармен және соларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру.

Тәртіп сақшылары қоғамдағы ұсақ бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын ұстана отырып, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шалғайдағы учаскелерді, қыстаулар мен фермер қожалықтарына жіті тексеру жүргізуде.

Сонымен қатар Сайрам ауданы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – аудан көлемінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлды ерікті түрде және мәжбүрлі түрде өндіру жұмысын жандандыру, борышкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Шара барысында жеке сот орындаушыларымен бірлескен жұмыстар атқарып, әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген құқық бұзушыларды анықтап, олардан салынған әкімшілік айыппұлдарды толық өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мақпал Махаметқызы
Суреттер Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата