jasqazaq.kz

Туризм және спорт министрлігі: Бибісара Асаубаеваға биыл 100 млн теңге бөлінді

10 маусым, 18:35

Бүгін шахматшы Бибісара Асаубаева бейнеүндеу жариялап, туризм және спорт министрлігі жалақысын үш есе азайтқанына шағымданды.
Министрлік дереу брифинг өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Журналистердің сұрақтарына жауап берген вице-министр Серік Жараспаев Спорт пен туризмді қолдау қоры арқылы жүзеге асырылатын қаржыландыру туралы айтып берді.
Вице-министр мәліметінге, халықаралық жарыстарға дайындық мақсатында:

— 2024 жылы Бибісара Асаубаеваның жобасына 64 млн теңге бөлінді;
— 2025 жылы бұл сома 79 млн теңгеге дейін ұлғайды;
— 2026 жылы қаржыландыру көлемі 100 млн теңгені құрады.

Вице-министр бұл көрсеткіштер мемлекеттік қолдаудың тұрақты түрде артып келе жатқанын айқын көрсететінін атап өтті.
Серік Жараспаевтың сөзінше, осындай қолдау спорт федерациялары арқылы да көрсетілуде. Қабылданып жатқан шаралар қазақстандық спортшылардың, соның ішінде Бибісара Асаубаеваның халықаралық додаларға сапалы дайындалуына бағытталған.
Сонымен қатар, министрлік елде шахматты дамыту жөніндегі тұжырымдаманы іске асырып, республика бойынша спорттық инфрақұрылымды жетілдіру және шахмат секцияларының желісін кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
JQ-Aqparat

Сурет: ашық дереккөз

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар