jasqazaq.kz

Тобыл өзенінен 113 мың текше метр құм заңсыз өндірілген

21 шiлде, 10:19

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті жер қойнауын заңсыз пайдалану және пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру фактілері бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Тергеу амалдарына сай, «СТС-Цемент» ЖШС-нің басшысы мемлекет белгілеп берген жер қойнауы учаскесінен тыс жерде, Тобыл өзенінің арнасы мен жағалауынан өнеркәсіптік көлемде өзен құмын заңсыз өндіруді ұйымдастырған.

Жұмыстар өзен түбінен екі жер снарядтың көмегімен гидромеханикаландырылған тәсілмен жүргізілген.

Өндірілген өзен құмы байланысы бар кәсіпорындарға өткізілген. Жалпы сатылған құм көлемі 113 мың текше метрден асып, оның құны 719 млн теңгені құрады.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан су және жер ресурстарына елеулі экологиялық зиян келтірілген.

Атап айтқанда, Тобыл өзенінің арнасы өзгеріп, жағалау сызығы бұзылған, гидрологиялық режимге нұқсан келіп, батпақтанған аумақтар пайда болған.

Ғарыштық түсірілімдердің деректеріне сәйкес, су қоры жерлерінің бүлінген аумағы 28 мың шаршы метрден асқан. Табиғи кешенді қалпына келтіру үшін жағалауды бекіту, өзен арнасын тазарту және бүлінген жерлерді рекультивациялау жұмыстары қажет.

Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі мүлікке тыйым салынды. Атап айтқанда, 12 автокөлікке, 10 жер учаскесіне және бір тұрғын емес үй-жайға тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар