jasqazaq.kz

Теңбіл доп додасы басталады

11 маусым, 13:22

 

Бүгін түн ауа Мексикадағы әйгілі “Mexico City” стадионында футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтеді.
Танымал өнер жұлдыздары Шакира мен Бурна Бой дүбірлі доданың гимні іспеттес “Dai Dai” әнін орындайды.
Содан кейін А тобындағы алаң иелері мен Оңтүстік Африка Республикасының спортшылары жасыл алаңда күш сынасады. Мексика, АҚШ және Канадада өтетін чемпионат ерекше болғалы тұр. Оған 48 елдің командалары қатысып, жалпы 104 матч өтуі тиіс. Айта кеткен жөн, олардың арасында Мундиалға Азия құрлығынан жолдама алған көршіміз Өзбекстан ұлттық құрамасы да бар.
Ғаламшар жеңімпазы 19 шілдеде “New Jersey” (Нью Йорк) стадионында өтетін финалдық ойында анықталады.
Футбол тек спорт жарысы емес. Ол, сонымен қатар, қыруар қаржы әкелетін қуатты индустрия. Ақпарат құралдары жазғандай, бұл жолғы әлем біріншілігінен ФИФА қоржынына 11 млрд доллар түседі. Айта кетейік, бұған дейін Қатар мемлекетінде өткен додада әлемдік футбол қауымдастығының табысы 7 млрд доллар еді.
Оқырман назарына!
Күллі жанкүйер қауым асыға күткен теңбіл доп тойы, тартысты кездесу туралы шолу мен талдау дүниелерді “Jas Qazaq-тан” оқи аласыздар.

Jas Qazaq

Сурет:  aa.com.tr

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар