jasqazaq.kz

Тәулік бойы күзет пен бірқатар шектеу қойылды – Көбейтұз көлі қорғауға алынды

29 шiлде, 17:29

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта көл аумағында табиғатты қорғау шараларының кешені жүзеге асырылып келеді. Көлге іргелес аумақта қоршаулар мен ақпараттық тақталар орнатылды. Алдағы уақытта көл аумағында қонақтар үшін арнайы автотұрақ пен шолу алаңдары пайда болады. Бұл қоршаған ортаға зиян келтірмей оны тамашалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, көлге қатысты бірқатар шектеу қойылып отыр: автокөлікпен кіруге, жағалау аумағына баруға, шомылуға, тұз бен емдік балшық жинауға толықтай тыйым салынады. Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары мен полиция қызметкерлері аумақты тәулік бойы күзетіп жатыр.

Бұл шаралар соңғы жылдары айтарлықтай антропогендік зардап шеккен көлді сақтауға бағытталған. Ақмола облысының әкімдігі азаматтарды бірегей экожүйені болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Астанадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көлі өзінің ерекше қызғылт реңімен танымал. Осындай бірегей табиғи ерекшелік мыңдаған туристің қызығушылығын тудырып, көлге келетін адам саны жыл сайын артып келеді.

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді