jasqazaq.kz

Тарихи оқиға: Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының Құрылтай сайлауындағы нәтижелерін қорытындылады

24 тамыз, 1:26

Құрметті отандастар, қадірлі сайлаушылар!
Бүгін еліміздің саяси өміріндегі тарихи оқиға – алғашқы Құрылтай сайлауы өз мәресіне жетті,
халқымыз өз таңдауын жасады.
Бұл Құрылтай – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды саяси реформаларының айқын нәтижесі, жалпыұлттық референдумда қабылданған халықтық Конституциямыздың жүзеге асуының
нақты көрінісі.
Осы тарихи өзгерістердің заңды дәлелі ретінде өткен алғашқы Құрылтай сайлауы ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтіп, азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға мүмкіндік берді.
Барлық саяси партиялар ашық бәсеке жағдайында сайлауға қатысып, өз бағдарламаларын сайлаушыларға жан-жақты жеткізді.
Бұл – еліміздін саяси жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадам әрі халықтың өз болашағын айқындауға тікелей қатысуының жаңа кезеңі.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы осы сайлауға жан-жақты дайындықпен, мол тәжірибемен, мықты командамен және елдің ертеңіне бағытталған жаңашыл идеялармен қатысты.
Бүгінгі нәтиже біз үшін жай ғана пайыздық көрсеткіш емес. Оның артында «Ақ жолға» сенім артқан мыңдаған азаматтың үміті мен арманы, елдің болашағына деген нақты сенім тұр.
Сондықтан бізге артылған сенімнің салмағын терең сезінеміз.
«Ақ жолға» дауыс берген әрбір қазақстандықтың аманатын орындауға бар күш-жігерімізді саламыз.
Сайлаушылардың сенімін ақтау – басты міндетіміз.
«Ақ жол» демократиялық партиясы – елдің әрбір азаматының үні естіліп, еңбегі бағаланып, кәсібі дамып, отбасы мен балаларының болашағы берік болуы үшін бар күш-жігерін жұмсайды.
Біз осы жолда сайлаушыларымыз қолдау білдірген саяси бағдарламамыздың әрбір тармағын іске асыру жолында жұмыла жұмыс жасаймыз!
Алдымызда үлкен міндеттер тұр.
Еліміздің экономикасын күшейту, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу,халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жұмысымызды жалғастырамыз.
Бізге сенім білдірген барша азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!
Әрбір дауыс – ел тағдырына деген
азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болсын!
Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты