jasqazaq.kz

«Тағы да рақмет, Қазақстан!»: Энрике Иглесиас қазақстандық жанкүйерлеріне үн қатты

11 қыркүйек, 13:07

Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас Астана мен Алматыда өткен концерттерінен кейін қазақстандық көрермендерге алғыс айтты.
«Тағы да рақмет, Қазақстан, ұмытылмас екі кеш үшін!», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Астанада, ал 5 қыркүйекте Алматыда өнер көрсетті.
Соңғы жылдары Қазақстан ірі халықаралық концерттер өтетін алаңдардың біріне айналып келеді. 2025 жылы Алматыда шетелдік орындаушылардың 49 концерті өткен.
Mastercard деректеріне сәйкес, Дженнифер Лопестің концерті кезінде шетелдік карталар арқылы жасалған шығындар 11%-ға, ал «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы кезінде 16%-ға артқан. Шетелдік қонақтардың орташа шығыны 1,5 мың долларды құраған.
2026 жылы Қазақстанда Deep Purple, Megadeth, Рики Мартин және Энрике Иглесиас сынды әлемдік әртістер өнер көрсетті. Сондай-ақ Cirque du Soleil қойылымдары мен Park Live фестивалі өтті.
Мұндай ауқымды шаралар қонақүйлер мен мейрамханаларға, көлік және басқа да қызмет түрлеріне сұранысты арттырып, шетелдік туристерді тартуға ықпал етеді. Осылайша, халықаралық концерттер Қазақстандағы оқиғалық туризмнің дамуына серпін беріп отыр.

Сурет: концерт ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі